Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ҚАЖЫЛЫҚ САПАР – ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.05.2022 3066 0 пікір
ҚАЖЫЛЫҚ САПАР – ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ

Шымкент орталық мешітінде осындай тақырыпта кеңейтілген семинар өтті.

Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров, қалалық дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы Мұсабек Ақтамберді, «Тауаф» қажылық компаниясының қалалық бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық әдеп кеңесінің жетекшісі Бекайдар Әміре, сондай-ақ мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты.

Семинарды шаһардың бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы ашып, қажылықтың талаптары мен ережелеріне айрықша тоқталды. Одан ары «Тауаф» қажылық компаниясының қалалық бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдіркемұлы «Қажылық – 2022» тақырыбында хабарлама жасады.

«ҚМДБ Қажылық бөлімінің жолдаған ақпараттары толық таныстырылды. Биыл еліміз бойынша 4000 қажыға орын берілді. Әлемдегі дүрбелең салған індетке байланысты қажылыққа ниет етушілердің жас мөшлері 65 жастан аспауы қажет екені және баға мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ қала бойынша «Қажылық дәрістері» айлық оқу курстары жүргізіледі. Курстарға қажылыққа ниет еткен немесе қажылық жайлы білсем деген барша азаматтар қатыса алады» деді ол.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру