Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БЕРІЛДІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 30.05.2022 2112 0 пікір
ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БЕРІЛДІ (ФОТО)

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Алатау аудандық мешіттерінің қызметкерлеріне жер телімдері берілді.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен мешіттерде қызмет етіп жүрген 5 отбасына демеушілер тарапынан Алатау ауданы маңынан жер телімдері сыйға берілді. Дінге қызмет етіп жүрген мамандарды қолдау мақсатындағы айтулы шараға қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысты.

«Халыққа аянбай еңбек етіп, жамағатты қасиетті Құран мен хақ жолымыз Исламға баулу жолындағы қызметтеріңізге Алла сауаптан жазсын!» – деді бас имам. Сондай-ақ ол игі шараға атсалысқан демеушілерге, «Зекет және қайырымдылық» қоры мен ауданның бас имамы Амантай Садиевке алғыс айтты. Шара соңында балаларға ойыншықтар үлестірілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру