Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ – АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 20.05.2022 2403 0 пікір
ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ – АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕ

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында РАТТ мамандары ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Талшын Зарқымқызы, Батыс Қазақстан облысы «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теологы Назгүл Медерқызы Ақтөбе облысына арнайы барып, әйел жамағатына ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Әйел-қыздар секторының өңірдегі өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен жиында Динара Құтқожақызы әйел жамағатымен жүздесіп, Әбу Ханифа мәзһабы мен Мәтуриди сенімін ұстанудың маңызын кеңінен түсіндіріп берді. Сонымен қатар салт пен дәстүрге, қоғамда қалыптасқан құндылықтарға құрметпен қарауға үндеді.

Одан өзге РАТТ мүшелері «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақ болып, «Қыздың қылығы түзде...», «Отбасы құндылығын сақтаудың 5 сыры» тақырыбында журналист Ақтолқын Тажиковаға сұхбат берді.

Одан бөлек сектор меңгерушісі бастаған әйел ұстаздар Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, С.Баишев атындағы университеті және колледж студенттерімен, «Геолог» мәдениет үйінде оқушылармен, Алға ауданы Бестамақ ауылындағы «Ақтөбе» медресе-колледжінің және Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжі шәкірттерімен, коворкинг орталықта діндар әйел жамағатымен жүздесті.  

Бес күнге созылған іс-сапар барысындағы кездесулерде ұлттық құндылықтар, білім алудың маңыздылығы, жат ағымдардан сақтану, өзара жәрдемдесудің артықшылығы, қыз тәрбиесі, дін мен дәстүр тақырыптары қозғалып, ақыл-кеңес берілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру