Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Кітап оқу байқауында Нұр-Мүбарак студенті жеңімпаз атанды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі muftyat.kz 05.05.2022 1989 0 пікір
Кітап оқу байқауында Нұр-Мүбарак студенті жеңімпаз атанды

ҚМДБ Жастар ісі секторы және Еуразия Ұлттық университетінің Пирамида клубының ұйымдастыруымен философия ғылымдарының докторы Бағдат Бейсеновтың «Қазақ ойшылдары дін туралы» кітабы бойынша байқау өтті.

Білім жарысы ZOOM платформасы арқылы Kahoot қосымшасында тест сұрақтарына жауап беру арқылы өтті. Оған Нұр-Мүбарак университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды унивеситетінің дінтану мамандығының студенттері қатысып, білімін сарапқа салды.

Нәтижесінде, Нұр-Мүбарак университетінің 3-курс студенті Дария Сайлаубай Бас жүлдені жеңіп алып, қаржылай 100 мың теңге сыйақыға ие болды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру