Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Құран жарысының жеңімпаздары марапатталды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 04.05.2022 2655 0 пікір
Құран жарысының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Нұр-Мүбарак университетінде студенттер арасында Құран қариларының жарысы өтті.

Жарыс жеңімпаздарын Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат, проректор, доцент Қайрат Құрманбаев пен оқу орны жанындағы мешіттің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы марапаттады. 30 парадан Азамат Абжалов топ жарып, Ұмра қажылығына жолдама алса, Азамжон Алижонов (400 000 теңге) 2-орынды иеленді. Ал 3-орын (300 000 теңге) Айдын Мақанға бұйырды.

3 және 10 параны жатқа оқу бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей: 

10 ПАРА
1-орын Ағзамхан СРАЖ, 300 000 теңге;
2-орын Акмал РАХИМКУЛОВ, 250 000 теңге;
3-орын Еркебұлан ШЕРХАНОВ, 200 000 теңге.

3 ПАРА
1-орын Жасұлан АМАНГЕЛДИЕВ, 200 000 теңге;
2-орын Диас УПАБЕКОВ, 150 000 теңге;
3-орын Орифжан ХАСАНТАЕВ, 100 000 теңге.

Қасиетті Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан жарысқа 38 үміткер ниет білдірген. Оған НМУ студенттерінен өзге Алматы Технология университеті мен «Үшқоңыр» медресе-колледжінен де шәкірттер қатысты. 3 парадан – 28 үміткер, 10 парада – 5 үміткер, ал 30 парада – 5 үміткер өзара бақ сынаған болатын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру