Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ЕЛОРДАДА ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

kazislam.kz 29.04.2022 1531 0 пікір
ЕЛОРДАДА ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен бірлесіп «Дінтану» мамандығының ашылуына 20 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезі қарсаңында өткен «Әлемдік дінтану контексіндегі Қазақстандағы дінтану: өткен жол, дәстүрлер, даму үрдістері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына ҚМДБ атынан аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы мен Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы қатысты.

Конференция қазақстандық және шетелдік ғалымдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың, сараптамалық құрылымдардың, академиялық қоғамдастықтың өкілдерінің қатысуымен гибридті форматта өтті.

«Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі» секциясы конференцияның ерекше маңыздылығын көрсетті. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында 130 этнос пен 18 конфессия өкілдері тұратын этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделін құрғанын атап өткен жөн. Бейбітшілік пен тыныштық, азаматтық келісім, діни төзімділік, түрлі мәдениет өкілдерінің тең құқылы өмір сүруі – бұл мемлекеттің ұлттық саясат негізіне айналды және Қазақстанның әлемдік қоғамдастықта айрықша ерекшелігін қамтамасыз етті. Осыған байланысты, діндердің рухани бірлігін жүзеге асыру үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық конфессияаралық институттың жұмыс істеу қажеттілігі туындады.

Бұл институт Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанның ірі сыртқы саяси жетістігі болған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі болып табылады. Қазақстанның бастамасымен әр үш жыл сайын Нұрсұлтан қаласында өткізілетін  бұл форум қазіргі әлемдегі мәдениеттер мен өркениеттердің рухани татулығы үшін маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.

Секцияда Діни басқарма өкілдері Ғылымбек Жәдігерұлы, Смайыл Сүйерқұлұлы мен Нұрлан Евфратұлы, саясаттанушы Расул Жұмалы және басқа да сарапшылар сөз сөйледі. Баяндамашылар мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды іске асыру және дінаралық диалогты ілгерілету арқылы қазақстандық модельді одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру