Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақмола: Көптің тілегі қабыл болатын түн

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 29.04.2022 2228 0 пікір
Ақмола: Көптің тілегі қабыл болатын түн

Ислам күнтізбесінде ерекше қасиетті айлар мен түндер бар. Ораза айында келетін Қадір түні періштелер жерге түсіп, Алла тағала дұға тілеген қауымды өз панасына алады. Биылғы қасиетті түнді Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешіті де лық толы жамағатпен қарсы алды.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит ораза айы бойы мешітте Құранды хатым еткен екі қариға құрмет көрсетіп, астарына жылқы мінгізді.

Бұдан басқа қаншама мерекелік шаралар өтті. Ислам дінінің тағылымы туралы уағыздар айтылды. Түнгі намаздар оқылып, Жаратқаннан дұға тіленді.

Мештіттің асханасында бес жүз адамға ауызашар, бір жарым мың адамға сәресі астары берілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру