Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Өскеменде облыстық Құран жарысы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 29.04.2022 2816 0 пікір
Өскеменде облыстық Құран жарысы өтті

​ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қасиетті Рамазан айында мешіт жамағаты мен шәкірттер арасында «Қош келдің, Құран айы» атты облыстық Құран жарысын өткізді.

Шараға өңірден 60-тан аса шәкірт қатысты. Сайыс Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өтті. Байқауға «Халифа Алтай» қайырымдылық мекемесінің директоры, «Өскемен орталық мешітінің» наиб имамы, қари Ербол Құдабаев, түркиялық қари Ерол Юсек және «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Бекзат Құсанбаевтар қазылық жасады.

Сайысқа қатысушы шәкірттер Құранның 30-парасын жатқа оқу бойынша сынға түсті. Қатысушылар қасиетті Құранда бар нақышымен оқып, өздерінің осы сайысқа аса тыңғылықты дайындалғандықтарын көрсетті.

​Шара жайлы ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы, «Халифа Алтай»мешітінің бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Бұл сайыстың мақсаты Құран оқудың шеберлерін анықтау, жамағаттың Құранды сауатты оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталып отыр. Сайысқа шәкірттер аса ынталы қатысуда. Арнайы келіп, құрметті Құранды құрметтеп, бар ынта-жігерін сайысқа арнаған қатысушыларға алғыс білдіреміз. Өңірде Құранды жатқа оқушылар қатары жыл сайын молайып бара жатыр» деп атап өтіп, қасиетті Рамазан айындағы бүгінгі іс-шараға тоқталды.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынға ие болған жеңімпаз Өскемен аймағы өкілдігінен Ұмра қажылығына жолдамамен марапатталды.​Сонымен қатар орындарға ие болған жеңімпаздарға тағайындалған ақшалай сыйлықтарды бас имам Ермек Қасболатұлы табыс етті. Басқа да жеңімпаздар марапат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

​Байқау соңында Құран хатым оқылып, елдің амандығы үшін тілек тілеп дұға жасалды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру