Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Қарилар рухани семинарға қатысты

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 26.04.2022 2809 0 пікір
Шымкент: Қарилар рухани семинарға қатысты

Шымкент орталық мешітінде қасиетті Рамазан айында Құран Хатым оқып жатқан қариларға құрмет көрсету мақсатында «Рамазан – Құран айы» рухани-танымдық семинар өтті.

Семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Әдеп» кеңесінің мүшелері Бекайдар қажы Әміре, Дәурен Тасқараев, Жансейіт Қалменов және аудан имамдары мен қари ұстаздар қатысты.

Іс-шара Мейірбек қари Сәрсенбаевтың Құран оқуымен ашылды. Содан соң Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы сөз алып, қасиетті Рамазан айында аянбай қызмет етіп жүрген барша қариларға ризалық білдірді.

Семинарда қалалық «Әдеп» кеңесінің мүшелері Бекайдар қажы Әміре, Дәурен Тасқараев, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров және Республикалық Құран жарысының тұрақты әділқазы мүшесі  Кәмілжан қари Садықовтар арнайы дәріс оқыды. Сондай-ақ, жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен  Түркия діни істер басқармасы арасындағы келісім негізінде Түркиядан арнайы келген қари Хамза Өзкурт сөз сөйлеп, қазақ еліне ризалығын білдірді.

Айта кетейік, семинарға Шымкент қаласындағы 45 мешітте тарауық намазында Құран хатым түсіріп жатқан 87 қари қатысты. Семинар соңында барлық қариларға Шымкент қалалық өкілдігі атынан алғыс хат табысталды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру