Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«САРЫАҒАШ» МЕДРЕСЕСІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

muftyat.kz 25.04.2022 3320 0 пікір
«САРЫАҒАШ» МЕДРЕСЕСІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

«Сарыағаш» медресе-колледжінде «Әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар» тақырыбында республикалық семинар өтті.  

Семинардың негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсiлдерiн, әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтың тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру. Семинарға еліміздегі ҚМДБ-ға қарасты 9 колледждің әдіскерлері мен арнайы пән ұстаздары қатысты.  

Алдымен ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев білім беру бағдарламаларында оқыту нәтижелерін қалыптастыру жайында баяндама жасады. Одан кейін «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде жаңартылған білім беру бағдарламаларының мазмұны мен маңызына тоқталса, оқытушылар Алмас Бекен, Нұржамал Сманова, Фатима Рамет пен Лаура Жүнісова арнайы пәндер үшін әзірленген әдістемелік нұсқаулықтарды таныстырды.  

Сондай-ақ іс-шараға келген меймандар «Сарыағаш» медресе-колледжінiң тыныс-тіршілігімен танысып, ұстаздардың ашық сабағына қатысып, пiкiр алмасты. Екі күнге жоспарланған семинар өте қызықты әрі нәтижелі өтті. Соңында семинар қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру