Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: 3000 адамға ауызашар тағамы таратылды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 25.04.2022 1747 0 пікір
Қызылорда: 3000 адамға ауызашар тағамы таратылды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен ауызашар тағамдары таратылды.

Нақтырақ айтар болсақ, Сыр имамдары бастаған мешіт белсенділері қала және аудан орталықтарында облыстық емхана, жедел-жәрдем қызметкерлеріне, теміржол және тазалық қызметкерлеріне, абақтыда жазасын өтеушілерге, халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен көшелерде ауызашар тәттілері мен тамақтарын таратып, жергілікті тұрғындарды құттықтады.

 
Қасиетті айдың алғашқы он бес күндігінде жасалған игі шара есебіне сәйкес, облыс бойынша 3000 адамды қамтып отыр.
 
Аймақ жұртшылығына рамазанның берекетін сезіндіру мақсатында ұйымдастырылған акция ай соңына дейін жалғасады.
 
 
 
 
 
 
 
 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру