Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Елордада ардагерлерге құрмет көрсетілді

sunna.kz 25.04.2022 2162 0 пікір
Елордада ардагерлерге құрмет көрсетілді

Қасиетті айдағы «30 күнге 30 шара» жобасы елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де алуан шаралармен жалғасып келеді.

Мешіттің жоспардағы іс-шаралар легінде қайырымдылық жасау, ауызашар беру, Рамазан сыйын тарату, кездесулер өткізу, уағыз-насихат жұмыстарымен қатар қоғамдық маңызы бар істер де қоса атқарылуда.

Солардың бірі ретінде мешіттегі ардагерлерге құрмет көрсетілгенін айтуға болады.

Бас имам Руслан Байзақов Байқоңыр аудандық Ардагерлер кеңесінің Төрағасы, Өрт сөндіру қызметінің ардагері және ұзақ жылдар «Астана Тазалықта» еңбек еткен қызметкерін мешітке шақырып, құрмет көрсетіп, Рамазан сыйлығын табыстады.

Ардагерлер қасиетті айдағы құрметке дән риза болып, Алла үйінің қызметіне алғыс білдіріп, имамдарға ақ батасын берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру