Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Түркістан: 300 адамға ауызашар берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 25.04.2022 2252 0 пікір
Түркістан: 300 адамға ауызашар берілді

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен 300 адамға ауызашар берілді. Оған ауданның ардагерлер кеңесі және аудандағы әжелер алқасы мен дін қызметкерлері қатысты.

Рухани дастарқан басына жиналған көпшілікті Қазығұрт ауданының әкімі Арман Айдарұлы мен Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Ибрайымұлы құттықтап, ауызашарды ұйымдастырған аудандық мешіт имамы Мұрат Әлімбек пен оның ұжымына алғыс білдірді.

Бұдан кейін абыз ақсақал, дін қайраткері Абдулла Жолдас Рамазан айының хикметі туралы уағыз айтса, танымал спортшы Ардақ Назаров имандылықты ұстану мен отанды қастерлеу туралы сөз қозғады.

«Өнер» мектебінің ұжымы жарапазан жырын айтса, белгілі әншілер Сержан Әлі мен Мақсат Базарбаев көпшілікке діни әндерін арнады.

Ауызашардың соңында тосын сый жасалып, қуаныш сезімінен көз жасына ерік бергендер де болды. Мәселен жуырда ғана еліміздің астанасында өткен Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша қыздар арасында ІІ Республикалық байқауда 20 пара номинациясы бойынша ІІ орынды иеленген Қазығұрт аудандық орталық мешітінің ұстазы, «Балаби» қарилар дайындау орталығының шәкірті Замира Байбақова ұмра қажылығына жолдама берілді.

Демеуші азаматтардың қолдауымен дәл сондай сертификат дін қайраткері, ардагер ұстаз Абдулла қажы Жолдасқа, жастардың рухани тәрбиесінің жанашыры, спортшы Ардақ Назаровқа және жазушы Абай Қалшабекке де табысталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру