Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШҚО: 1000 отбасыға қайырымдылық жасалды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 25.04.2022 2222 0 пікір
ШҚО: 1000 отбасыға қайырымдылық жасалды

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық қорының» «Рамазанның сауабы» акциясын жариялады. Бұл акция аясында қасиетті Рамазан айында Өскемен қаласында 1000 отбасыға қайырымдылық жасалды.

Сауапты іс жөнінде «Зекет және қайырымдылық қорының» аймақтағы өкілі Берік Кәдірұлы: «Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» деген.

Қасиетті Рамазан айында аз қамтылған отбасыларды қолдау бағытындаосынау ауқымды қайырымдылық шарасын жасап отырмыз. Мұқтаждарға қасиетті Рамазан айының берекетін сезіндіру, мешіттің мейірімділігін көрсету басты парызымыз. Іс-шара Өскемен аймағына қарасты барлық мешіттерде қарқынды жүріп жатыр» деп атап өтті.

Бұл жолы қайырымдылық қорабына барлығы 30 келіден артық болатын азық-түлік салынған. Көмекке ие болған отбасылар «Зекет және қайырымдылық қорына» алғыстарын білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру