Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: «Мен үшін Рамазан...» байқауы қортындыланды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 21.04.2022 2077 0 пікір
Ақтөбе: «Мен үшін Рамазан...» байқауы қортындыланды

Ақтөбе қалалық орталық мешіті Рамазан айының қадір-қасиетін көпшілікке ұғындырып, әсіресе жастар арасында насихаттау мақсатында «Мен үшін Рамазан...» атты шығарма байқауын ұйымдастырды. 

Байқау қортындысын Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев Meshit.life инстаграм парақшасында арнайы тікелей эфир барысында жариялады.

Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі І орынды Гауһар Түгелбайқызы (30 мың теңге) жеңіп алса, Руслан Жүсіпов ІІ орын (20мың теңге), Салтанат Нұрболатқызы ІІІ орынға (10 мың теңге) ие болды. Сонымен қатар Жұлдыз Құдайбергенова, Жанар Біртаева, Ұлмекен Райсова есімді қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары бұйырды.  

Мүбарак айдың құрметіне орай жүлделі сайыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру