Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Тараз: Шәкірттер арасында облыстық Құран жарысы өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 20.04.2022 3018 0 пікір
Тараз: Шәкірттер арасында облыстық Құран жарысы өтті

ҚМДБ  Жамбыл облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Һибатулла Тарази» мешітінде облыс бойынша діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында Құран жарысы өтті.

Облыстың әр ауданынан 22 үміткер қатысқан додалы сайыс Құран Кәрімнің 1 парасын жатқа оқу және Құранның 5 парасын жатқа оқу номинациялары бойынша жүргізілді. 

Сайысқа қазылар алқасының төрағасы, облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы Аманкелді Бірлік қари, Республикалық және халықаралық Құран жарыстарының жүлдегері, «Һибатулла Тарази» облыстық мешітінің жанындағы қарилар дайындау курсының ұстазы Мырзагелді Иманәлі қари, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат төрелік етті.

Жарыс қортындысы бойынша қатысушылар арасынан ең үздік шыққандары анықталып, номинация бойынша орындар берілді. 

Құранның 5 парасын жатқа оқу номинациясы бойынша Байзақ ауданынан келген Құрманбек Әбдолла 3-орын, Жамбыл ауданынан Каримов Абдулкарим 2-орын иеленсе, «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің тәлімгері Талас ауданы атынан шыққан Әбдіқадір Рамазан 1-орынға ие болды.

Құранның бір парасын жатқа оқу номинациясы бойынша Тараз қаласының атынан шыққан Жәпек Рахымжан 3-орын, Жамбыл ауданынан келген Ризамухамедов Маруф 2-орын және Қордай ауданынан Дауров Абдульрауф 1-орын иегері атанды.

Барлық қатысушыға ақшалай сыйлық пен алғыс хаттар  табысталды. Үлкендер шәкірттерге бата беріп, бұдан да биік асулардан аса берулерін тіледі. 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру