Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

17 April 2024

8 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбеде әйел жамағатына ауызашар берілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 20.04.2022 2415 0 пікір
Ақтөбеде әйел жамағатына ауызашар берілді

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Ақтөбе облыстық өкілдігінде 160 адамға ауызашар берілді.

Рамазан айының құрметіне жайылған ауызашар  дастарханының қадірлі қонақтары қатарында  көп балалы аналар, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқор боп отырған «Жайна» оңалту орталығының ұжымы мен әйел жамағаты болды.

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Қошкарова жиналған қауымды Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатар облыстық орталық мешіттің ұстазы Гүлмайра Тұрлыбекова мен қалалық әйелдер сауат ашу орталығының ұстазы  Айдана Разақ Рамазан айының қадір қасиетін дәріптеп, уағыз айтты.

Ал «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірттері Рамазан туралы жыр шумақтарын оқып, жарапазан жырын айтты. Одан өзге он екі айдың ұлықтау мақсатында қадірлі қонақтар арасында ойындар ойнатылып, белсенділік танытқандарға сыйлық табыс етті.

Іс-шара қортындысында қонақтар игі лебізін білдіріп,ақ жаулықты әжелер батасын берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру