Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: РАНТ мүшесі жамағатпен жүздесті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 18.04.2022 1495 0 пікір
Қызылорда: РАНТ мүшесі жамағатпен жүздесті

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Ислам Қаюпов Арал, Қазалы аудандарына және Байқоңыр қаласына арнайы іс-сапармен барды.

Сапар мақсатына сәйкес, Ислам Маратұлы жергілікті мешіттерде жиылған жамағатпен кездесіп, бөліну мен білімсіздіктің кесірі жайлы айтып, жат ағым жетегінде кетудің зардабын түсіндірді. Діні мен дәстүрі сабақтасқан ұлтымыз ұстанатын Ханафи мәзһабына да тоқталып өтті. Сонымен қатар, Рамазан айының қасиеті мен дәрежесі турасында насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, діни басқарманың Сыр өңіріндегі өкілдігі діни оңалту бағыты бойынша РАНТ және ЖАНТ мүшелерінің қатысуымен облыстағы мешіттердің жамағатымен, жергілікті тұрғындармен, жастармен түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізіп келеді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру