Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: «Миғраж» мешіті 200 балаға қуаныш сыйлады

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 18.04.2022 2059 0 пікір
Маңғыстау: «Миғраж» мешіті 200 балаға қуаныш сыйлады

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінде «Рамазан базарлығы 2022» іс-шарасы өтті.

Өскелең ұрпаққа Рамазан айының мерекелік көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында ұйымдастырылған шараға Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев, Мұнайлы ауданының бас имамы Руслан Сағынтайұлы, дін қызметкерлері және «Үммет жастары» тобының еріктілері қатысты.

«Өзіңді жарты құрмамен болсын тозақ отынан арашала» деген пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисін басшылыққа алған қайырымды азаматтар мен мешіт жамағатының көрсеткен қолдауының арқасында 200-дей балақайға арнайы әзірленген базарлық қораптары үлестірілді.

Руслан Сағынтайұлының айтуынша мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру