Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жетісуда «Qamqor-Sharapat» жұмысы насихатталды

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 18.04.2022 1521 0 пікір
Жетісуда «Qamqor-Sharapat» жұмысы насихатталды

«QAMQOR-SHARAPAT» – көпшіліктің сұранысымен жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба. Бүгін Діни басқарма бекіткен үлгіге сай Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы орталық «Иман» мешітінде өңір қызметкерлеріне жиын өткізді.

Іс-шара барысында «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының Талдықорған өңірі бойынша меңгерушісі Ибраймов Юсуф имам түсіндірме жұмысын жүргізіп, бірізділікке түсуі қажет дүниелерді тілге тиек етті.  

«ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру жөнінде бастама көтерген болатын. Бүгінде жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек. Алдағы уақытта салттық қызмет көрсететін орталықтар ҚМДБ ұсынған үлгіге сай жұмыс жүргізсе қабір басындағы келеңсіздіктер тоқтап, бірізділікке келеді деген ниеттеміз» деді бас имам Алмас Данағұлов.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру