Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей: «Рамазан қоржынын» үйлеріне жеткізіп берді

Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 13.04.2022 2785 0 пікір
Семей: «Рамазан қоржынын» үйлеріне жеткізіп берді

ҚМДБ Семей аймағы өкілдігіне қарасты Аягөз қалалық мешіті Рамазан айының құрметіне игі іс-шара өткізді.

Қайырымдылық шарада «Рамазан қоржыны» көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға қажетті азық-түлік таратылды. Мешіт жанынан құрылған еріктілер тобы қораптарға салынған тұрмысқа қажетті азық-түлікті үйді-үйге жеткізіп, табыстады.

«Қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір амалдың сауаптары еселенетіндігін Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде айтып өткен. Сондықтан да осы айда игілікті істерді молайтқан абзал» дейді ұйымдастырушылар.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру