Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: 10 күнде 11500 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 13.04.2022 2466 0 пікір
Шымкент: 10 күнде 11500 отбасыға «Рамазан қоржыны»  үлестірілді

 

Қасиетті Рамазан айының он бірінші күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Игі шараға наиб имам Мұхамеджан Естемір пен  «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдігінің жетекшісі Айбек Азимбаев қатысып, қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінің қорытынды шарасын  өткізіп, жергілікті БАҚ өкілдері мен блогерлерге сұхбат берді. 

Кеше 750 отбасыға қажетті азық-түлік (күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б) салынған қорап таратылды.

Ал қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінде көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 11500 отбасыға қайырымдылық көмектер үлестірілді.

«Қайырымдылық шараларымызға қолдау білдірген барша кәсіпкер азаматтарға Алланың нұры жаусын, кәсіптеріне береке берсін» деп дұға жасады наиб имам Мұхамеджан Естемір.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру