Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Шейх Кунта қажы» мешіті 50 мұғалімге құрмет көрсетті

muslim.kz 13.04.2022 2773 0 пікір
«Шейх Кунта қажы» мешіті 50 мұғалімге құрмет көрсетті

«30 күнге – 30 игі шара» жобасы аясында «Шейх Кунта қажы мешіті» мен «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдігі елордадағы №20 орта мектептің ұстаздарына құрмет көрсетіп, ауызашар себеттері мен «Рамазан сыйлығын» табыстады.

Мешіт бас имамы Ибрагим Сматаев Ұстаздар қауымына құттықтау лебізін білдіріп, қасиетті Рамазан айы жайында аз-кем насихат айтты. Ұрпақ тәрбиесі жолындағы ұстаздардың еңбегі ерекше екенін атап өтіп, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі «30 күнге – 30 игі шара» жобасын іске асыруда. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру