Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Әйел жамағатына арналған семинар өтті

halaldamu.kz 13.04.2022 2413 0 пікір
Қызылорда: Әйел жамағатына арналған семинар өтті

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық орталық «Нұр» мешітінде жергілікті әйел жамағатына арналған халал турасында оқу-семинары өткізілді.

Семинарға «Халал Даму» технологы Жаннат Ахметқызы мен жергілікті өкіл Перизат Шарапатова қатысса, негізгі мақсаты – от анасы, әйел қауымның дініміздегі халал мәселесі жөнінде ақпарат беріп, білімін жетілдіруге негізделген.

«Ас – адамның арқауы» дейді дана халқымыз. Өйткені, ол – бойға қуат сыйлайтын тәннің азығы, Алланың нығметі деп білуіміз керек. Бірақ, көп жағдайда отбасына ас даярлау барысында әйел қауымы азық-түліктің халал-харамдығына мән бермей жатады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арамнан желініп-ішілген нәрсе қырық күн бойы бойда сақталады» деген. Тағы бір хадисінде: «Адал жеу – сауап, арам жеу – күнә»,- деген. Олай болса, ішер және ұсынар асымыз қалай әрі неден жасалғанына, құрамына, халал сертификаты бар-жоқтығына мән бергеніміз жөн. Себебі, халал ас жеу  – Алланың әміріне бойұсыну» деген Жаннат Ахметқызы халал өнім өндіру технологиясы, тағамдық қоспалардың құрамы мен бөлінісі жөнінде мағлұмат берді.

Айта кетейік, қазіргі таңда технологтардың қатысуымен Қызылорда өңіріндегі кәсіпорындарда аудит жүргізілуде.

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру