Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Талдықорған: Құран байқауы қортындыланды

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 12.04.2022 1848 0 пікір
Талдықорған: Құран байқауы қортындыланды

Талдықорған өңірі Сарқан ауданының мешіт жамағаты арасында «Қош келдің, Рамазан!» атты Құран байқауы өтті.

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді» деген болатын. Құран айының құрметіне Сарқан аудандық орталық мешітінде ұйымдастырылған байқауда қатысушылар Құранның 30-парасы және тәжуид ережелері бойынша бақ сынады.

Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді. Сондай-ақ Құран жаттаған мешіт шәкірттеріне Құран тарту етілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру