Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жамбыл: Қария мешітке жер телімін тарту етті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 12.04.2022 2278 0 пікір
Жамбыл: Қария мешітке жер телімін тарту етті

Жамбыл облысы Шу ауданының Қонаев ауылында жан сүйсінтер жағдай болды. Осы ауылдың ақсақалы Жұмахан Оспанов иелігіндегі 50 сотық жерді мешіт меншігіне тегін берді.

Бұл ескі ғимаратта орналасқан ауыл мешіті үшін ерекше тарту болатын. Өйткені жаңа мешіт соғуға ауылдың орталығы ыңғайлы еді. Ауылдық мешіт имамы Ердәулет Құлыбек ақсақалға жамағат атынан алғыс айтып, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Алла Тағала бізге қолдағы барымызды сынақ етіп берді. Қиямет күні оны қалай және қайда жұмсағанымыз туралы сөзсіз сұраламыз. Жаратушы Иеміз қасиеті Құранда мал-мүлігін Алла жолында жұмсағандарды мақтап, барша мұсылман қауымына үлгі етеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру