Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Теміртау қалалық мешітінің жаңа намазханасы ашылды⠀

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 11.04.2022 3231 0 пікір
Теміртау қалалық мешітінің жаңа намазханасы ашылды⠀

Қарағанды облысы Теміртау қалалық Жақып Ақбай атындағы мешіттің жаңа намазханасына кілемдер төселіп, жамағатқа есігін айқара ашты.

Айта кетсек, жуырда ғана күрделі жөндеуден өткен ерлер мен әйелдер намазханасына ендігі кезекте кілемдер төсеу күн тәртібіне қойылған болатын. Араға бірер уақыт салып жамағаттың қолдауымен арнайы дайындалған кілемдер намазхана еденіне төселіп, одан әрі көркін аша түсті.⠀

Міне, бүгін Теміртау жамағаты құлшылық үйінің жаңа ғибадатханасында алғаш рет тарауих намазын өткізді. Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы мешіттің жөндеу жұмыстарында көмек қолын созып, атсалысып жүрген жамағатқа өз алғысын айтып, ризашылығын жеткізсе, мешіт имамы Елдос Жұмаділда қасиетті орындардың бірі болған мешіттердің дініміздегі маңызы жайында уағыз-насихат айтты. Тарауық намазынан соң, жамағат арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм татты.⠀

Айта кетейік, сонау 1993 жылға дейін балабақша ретінде жұмыс істеп келген нысан кейіннен мешіт ретінде қолданысқа берілген. Араға 30 жыл уақыт салып алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жасалып отыр. Сондай-ақ, мешіттің жөндеуден өткен бөлігінің сыйымдылығы ескі намазханаға қарағанда екі есе үлкен. Бір мезетте 1000 астам адам құшылығын өтей алады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру