Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Оразаға қатысты семинар өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 11.04.2022 2837 0 пікір
Ақтөбе: Оразаға қатысты семинар өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Ораза – ихсан көрінісі» тақырыбында жамағатқа арналған семинар өтті.

Семинар барысында Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Ихсан» сөзінің мән-мағынасын түсіндіріп, адам өміріндегі маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар бас имам мен облыстық орталық мешітің ұстазы Елмұрат Мырзабаев ораза ұстаудың артықшылықтары мен пайдасы жайлы және оразаның шарттарын атап өтті.

Одан өзге жамағат тарапынан қойылған діни сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Семинарға қатысушыларға «Адал сауда» кітапшасы таратылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру