Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Өскемен: «Ramazan Live» Telegram-ботын іске қосты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 08.04.2022 2947 0 пікір
Өскемен: «Ramazan Live» Telegram-ботын іске қосты

«ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде» ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы мен «Шығыс  ақпарат» медиахолдингі SMM департамент басшысы Елжан Қайырқанов баспасөз брифингін өткізді.

Брифингте бас имам Ермек Қасболатұлы Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен «Шығыс  ақпарат» ЖШС-тың қолдауымен «Ramazan Live» Telegram-боты іске қосылғандығын хабарлады.

«Аталмыш жобадан қалалар мен аудандар бойынша намаз және ораза кестесі, ауыз ашу және бекіту дұғаларынан бөлек, садақа жайлы, Рамазан айында жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға болады. «Ramazan Live” Telegram-боты халықтың жедел түрде ақпарат табуына және сұрақтарына нақта жауап алуына үлкен мүмкіндік береді” деп ерекше атап өтті бас имам.

Ермек Қасболатұлы сонымен қатар бұл жүйенің қолдануға оңтайлы, телефон үнемі қолда болатындықтан жалпы халыққа ақпарат алуға қолайлы екендігін айтып өтті.

Алдағы уақытта бұл жобаны дамыту да жоспарланып отыр. Рамазан айы аяқталғаннан кейін де бұл боттан күнделікті өмірде кездесетін дінге қатысты сұрақтарды қамтып, барлығына бірдей жауап ала алатындай қолдану аясы кеңейтіледі. Бұл жобаны халық жылы ықыласпен қабылдады.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру