Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Тараз: JAMBYL арнасы мешітте тікелей эфир өткізеді

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 08.04.2022 2491 0 пікір
Тараз: JAMBYL арнасы мешітте тікелей эфир өткізеді

Қасиетті Рамазан айы барша жұртшылыққа ерекше көңіл-күй, өзгеше бастама, өз-өзін тәрбиелеуге жаңа қарқын сыйлайды. Ораза айында дін қызметкерлері әдеттегіден де белсенді түрде жүзбе-жүз де, телеарна, радио, газет, әлеуметтік желілер арқылы да халықпен байланысып, насихат айтып, сұрақтарына жауап беруде. 

Міне, осындай ауқымды шаралардың бірі бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде бастау алды. Енді әр жұма сайын имамдар мешіттен Жамбыл облыстық «JAMBYL» телеарнасы арқылы көрерменмен тікелей эфирде жолықпақ. 

Бүгінгі жұмада тілші Қасымжан Байкүшіков Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевпен сұхбаттасты. Келелі сөз, көркем әңгіме көрерменге тікелей 11:30-да жол тартты.

Бас имам тілші, жамағат, көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар дін жолында жүрген осы мешіттің жамағатымен де сұхбат құрды. 

 Бірлесе ұйымдастырылған игі бастама көпшіліктің көңіліне ұнап та үлгерген-ді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру