Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Рамазан баннерлер мен билбордтар ілінді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 07.04.2022 2445 0 пікір
Шымкент: Рамазан баннерлер мен билбордтар ілінді

Исі мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – Рамазан айын хабарлау һәм насихаттау үшін Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен шаһар көшелері және үлкен базар аумағына «Рамазан мүбәрак болсын!» атты баннерлер мен билбордтар ілінді.

Атап айтқанда, қалалық «Алаш», «Жібек жолы», «Айна» базарлары мен Темірлан тасжолы, Арғынбеков, Тәшенов сынды үлкен көшелердің бойындағы жарнамалық тақтайшаға «Рамазан мүбәрак болсын!» атты баннерлер мен билбордтар орнатылды.

Жалпы, базарлар мен көшелерге және мешіт ауласында Рамазан айымен арнайы құттықтау баннерлері, сондай-ақ жамағаттың қасиетті айға құлшынысын арттыратындай даналық, өсиет сөздер жазылған баннерлер ілінді. Осындай игі істерге қала тұрғындары мен қонақтарының тарапынан алғыс айтып, ризалықтарын білдірілуде.

Айта кетсек, діни сұрақтар мен ақпараттар алу үшін аталған баннерлер мен билбордтарға арнайы Шымкент қаласы орталық мешітінің «Рамазан call-Орталық» +7 (708) 478-48-72 нөмірі қоса жазып, көрсетілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру