Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ақтөбе: Мұқтаждың мұңын бөлісті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 06.04.2022 2800 0 пікір
Ақтөбе: Мұқтаждың мұңын бөлісті

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде мешіттерге көмек сұрап келген аз қамтылған және көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі санаттағы т.б отбасылардың өтініштері ескеріліп, көмек берілді.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» «Қолма-қол» акциясы аясында облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде 1 студенттің оқу ақысы, 7 мұқтаж адамға қаржылай және «Бақытжан» мешітінің бас имамы Ержан Мизамовтың себепкерлігімен 8 адамға зекет табысталды.

Сонымен қатар «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен 2 адамның, Алға ауданының бас имамы Абдувахид Абдурасуловтың мұрындық болуымен 1 адамның, Ойыл ауданының бас имамы Нұрсұлтан Серікұлының бастамасымен қайырымдылық турнирі өтіп, жиналған қаржы 1 сырқаттың еміне берілді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру