Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ЕЛОРДАДА 1500 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН СЫЙЛЫҒЫ» ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

muslim.kz 06.04.2022 2176 0 пікір
ЕЛОРДАДА 1500 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН СЫЙЛЫҒЫ» ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан сыйлығы» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

«YDA» холдингінің демеушілігімен жүзеге асқан шара аясында елордадағы 1500 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан филиалы қызметкерлерінің қатысуымен қайырымдылық сөмкелерін мекенжайларға тарату жұмыстары да жүргізіліп, «Рамазан сыйлығы» үйлеріне жеткізілді.

Қайырымдылық шарасының ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, «YDA» холдингінің өкілі Адем Карагөз және «Зекет және қайырымдылық» қорының Елорда филиалының қызметкерлері қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Бас имам Ерболат Нұрылдаұлы Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы айта келе бүгінгі қайырымдылық шарасына қатысушыларға өз алғысын білдірді. Жамағатпен бірге қол жайып, жақсылық сұрап дұға жасады. 

«Әзірет Сұлтан» мешітінен бастау алған «Рамазан сыйлығын» тарату жұмыстарына басқа мешіттер де атсалысып, қайырымдылық шара қала бойынша жүргізілмек.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру