Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шығыс Қазақстан облыстық ақындар мүшәйрасы жарияланды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 05.04.2022 2125 0 пікір
Шығыс Қазақстан облыстық ақындар мүшәйрасы жарияланды

Исламдағы қасиетті, күллі мұсылман баласы асыға күтетін Рамазан айының басталуына орай «Bokentau» компаниясының қолдауымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті және Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО филиалы бірлесіп аймақтық ақындар мүшәйрасын жариялайды. Мүшәйраға ШҚО ақындары қатыса алады. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

Байқаудың мақсаты:

  • Қасиетті Рамазан айын ұлықтау;
  • Асыл дініміз Исламның құндылықтарын насихаттау,
  • Пайғамдарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) асыл мұратын, ғибратты ғұмырын жастарға үлгі ету;
  • Рамазан айының құнды тағылымдарын өлеңмен өрнектеу;
  • Жас дарындардың өзара танысып, тәжірибе алмасуына қолдау көрсету;
  • Жас шығармашылық иелеріне қолдау көрсету, насихаттау;
  • Ислам діні, адагершілік құндылықтар туралы жазылған өлеңдер қатарын толықтыру;

Байқаудың шарты:

  • Рамазан айына, Ислам дініне, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған 1 өлең (жаңа), еркін тақырыпқа 1 өлең (бұрын жазылған болса да), жалпы 2 өлең ұсынылады.
  • Өлеңдер «Мүшәйраға» деген белгімен «Times New Roman 14» қарпімен 1,5 интервалда терілген, 2 беттен аспауы шарт.

Белгіленген талаптарға сай келмейтін шығармалар қабылданбайды. Өлеңдер 2022 жылдың 24 сәуіріне дейін oskemen-2013@mail.ru поштасында қабылданады. Өлеңдерді қазылар алқасы бағалайды.

Мүшәйра қорытындыланып, жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау шарасы «Bokentau» компаниясының басшылығының қатысуымен салтанатты жағдайда Қадір түнінде Өскемен қаласында өтеді.

Ақындардың аты-жөні, байланыс телефоны, жұмыс орны немесе оқу орны көрсетілуі керек. Байланыс телефоны: +7 (708) 900 5384

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру