Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Орал мешіттерінде ауызашарлар берілуде

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі islam-oral.kz 05.04.2022 2232 0 пікір
Орал мешіттерінде ауызашарлар берілуде

Қасиетті Рамазан айында Орал орталық мешітінде жамағатқа дін жанашырлары күніне 200-250 адамға ауызашар беруде.

Осы игілікті шара барысында Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Алибаев жамағатты Ұлық аймен құттықтап, уағыз-насихат айтты.

«Қасиетті Рамазан айында барша мұсылман баласы ауыз бекітіп, ауызашар беріп сауапқа кенелетін ерекше мерзім екені баршаға аян. Рамазан айында аузын бекіткен бауырларымызға ауызашар беру – сауапты іс. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып, тамақ берген адам ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да ешнәрсе кемімейді», – деген. Рамазан жомартық айы болғандықтан, дәулетті жандардың осы айда мұқтаждар мен тұрмысы нашар кісілерге ауыз аштыруы – үлкен сауап. Алла сауаптан жазсын!» деді наиб имам.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру