Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңадан қызметкерлер тағайындалды

muslim.kz 18.03.2022 3146 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңадан қызметкерлер тағайындалды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бірқатар қызметтік тағайындаулар болды.

Жұма намазына жиылған жамағатқа мешіт бас имамы Ерболат Жүсіпов жаңа қызметкерлерді таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Көпшілік алдында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып беріп, Әділхан Иманәліұлы мен Закир Рамазанұлының наиб имам қызметіне және Ердос Өмірзақұлының азаншы болып тағайындалғанын жеткізді.

Жамағатқа жаңа қызметкерлер жайлы қысқаша мәлімет беріп өткен Ерболат Жүсіпов үш азаматтың да елорда жұртшылығына бұрыннан таныс екендігін, жемісті еңбектері елдің алдында екенін айтып, ізгі тілегін білдірді. Жамағат атынан ақсақалдар батасын беріп, ел игілігі мен дін игілігі жолындағы жұмыстарына береке тіледі.

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жаңа қызметкерлерімен таныс болыңыздар:

Серікбай Әділхан Иманәліұлы 1980 жылы 21 мамырда дүниеге келген. ОҚО, Мақтаарал ауданының тумасы. Үйленген, 4 баласы бар.
1995-1997 жж. Шымкент қаласындағы «Арыстанбаб» медресесінде оқыған.
2000-2004 жж. Халықаралық қазақ-араб университетін «Араб тілі мұғалімі және дінтанушы» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Дінтану» кафедрасының магистратурасында білім алуда.

2005-2006 жж. Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан елшілігінде қазақ-парсы тілдерінен аудармашы;
2006-2007 жж. ҚМДБ Қарағанды облысы өкіл-имамының көмекшісі;
2007-2011 жж. «Нұр Астана» орталық мешітібас имамының көмекшісі;
2011-2015 жж. Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітнің наиб имамы;
2015-2019 жж. «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы;
2019-2022 жж. «Әлжан ана» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарған.

Санху Закир Рамазанұлы 1981 жылы 26 маусымда Жамбыл облысы,  Қордай ауданы, Сортобе ауылында дүниеге келген. Үйленген, алты баланың әкесі.
1987-1998 жж.  Жамбыл облысы,  Қордай ауданы, Сортобе ауылындағы орта мектепте білім алған.
1998-2000 жж. Алматы қаласындағы Ислам Институтында білім жетілдірген.
2001-2002 жж. Сирияның Дамаск қаласындағы «Бадрдин әл-Хасани»  институтында араб тілінен білім алған.
2003-2009 жж. Сауд Арабиясы университетін бітірген.
2014 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындаы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы болып қызмет атқарып келген.

Айтбаев Ердос Өмірзақұлы 1986 жылы 30 қаңтарда Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Ескіқорған ауылында дүние келген. Үйленген, екі қыз, бір ұлы бар.
1992-2003 жылдары Сарыағаш ауданы, Ескіқорған ауылында Құрманғазы атындағы орта мектепте оқыған.
2008-2009 жылдары Түркістан қаласындағы медреседе білім алған.
2009-2012 жылдары Шымкент қаласында «Шымкент» медресесін тәмамдаған.

2012-2013 жылдары Шымкент медресесінде Тәрбиеші ұстаз;
2019-2022 жылдары Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде кезекші молда қызметін атқарып келген.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру