Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Мүмкіндігі шектеулі елордалық балаларға мерекелік дастарқан жайылды

muslim.kz 18.03.2022 2243 0 пікір
Мүмкіндігі шектеулі елордалық балаларға мерекелік дастарқан жайылды

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен әз-Наурыз мейрамына орай мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге мерекелік дастархан жайылып, қуанышқа толы шара өтті.

Мерекелік кешке Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тіркеуде тұрған 100 бүлдіршін мен олардың ата-аналары шақырылып, құрметті қонақ болды. Қасиетті Құран аяттарымен ашылған шара барысында қазақы қара домбыра күмбірлеп, ән мен күйден шашу шашылды. Ақ дастарқан басында алқақотан бас қосып, көңілді кештің шуағын сезінген бүлдіршіндер де, ата-аналар қауымы да қосыла ән шырқап, мәре-сәре күй кешті.

Қайырымдылық шарасына Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, қалалық Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов және демеуші азаматтар арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді. Шара аясында қазақы салт-дәстүріміз де жаңғырып, ел ағалары кішкентай бүлдіршіннің тұсаукесер рәсімін өткізді. Тәй-тәйлаған кішкентай бүлдіршіннің алғашқы қадамына куә болып, ағалар ақ батасын арнады.

Шара соңында осындай мерекелік көңіл-күй сыйлап, балалар көңіліне қуаныш сепкен ҚМДБ Нұр-Сұлтан қалалық өкілдігіне орталық қызметкерлері алғыс білдіріп, елорданың бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының қаламыздағы жауапты қызметкері Мерей Жақияға алғысхат табыстады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру