Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Елордада республикалық семинар-кеңес өтті

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 18.03.2022 2441 0 пікір
Елордада республикалық семинар-кеңес өтті

Елордадағы Астана медресе-колледжінде «Модульдік-құзіреттік тәсіл негізінде кәсіби мамандарды даярлау» тақырыбында «Дінтану және теология» бейіні бойынша республикалық семинар-кеңес өтті.

ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі өткізген семинар-кеңеске мүфтиятқа қарасты медресе-колледждердің арнайы пән ұстаздары мен оқу ісінің меңгерушілері қатысты.

Екі күнге созылған семинар барысында білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мақсатында кадрлар даярлаудың өзекті міндеттері айқындалып, тәжірибе алмасу, модульдік-құзіреттілік тәсіл негізінде кәсіби мамандар даярлау жолдары талқыланды.

Сондай-ақ «Дінтану және теология» бейіні мамандықтарының модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қазақ тілінде кәсіптік модульдерге оқу құралдарын әзірлеу қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылып, тізімі анықталып, жұмыс жүргізілді.

Семинар соңында ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев ауқымды іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру