Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Дін істері комитеті төрағасы Шымкентке келді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 18.03.2022 2128 0 пікір
Дін істері комитеті төрағасы Шымкентке келді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді.

Ержан Болатханұлы алдымен «Шымкент» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқу орнының директоры Талғат Әсембай комитетінің төрағасына оқу базасында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Кездесу аясында Ержан Нүкежанов болашақ руханият һәм дін қызметкерлерін заман көшінен қалмай білімді болуға, еліміздің руханиятына еңбек етуге шақырды.

Сондай-ақ Дін істері комитетінің төрағасы Шымкент қалалық дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаевпен бірге Шымкент орталық мешіті жанындағы Жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелерімен кездесті. Кездесуде Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы осы бағыттағы жұмыстары туралы қысқаша баян етті. Мұнымен қатар, жат ағымдар мен жұмысы және діни оңалту бағытына жауапты Дастан Желеуовтың баяндамасы тыңдалды. Кездесу аясында өзекті мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары түсіндірілді.

Ержан Болатханұлы сонымен қатар Шымкент қаласының бас мешіті «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітіндегі «Қажылық және ішкі туризм», «Ихсан бөлімі», «Мұнара тв» телеарнасының Шымкенттегі  бөлімшесі және «Iman.kz»  студиясының атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру