Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жамбыл: РАНТ мүшесі Шу жамағатымен жүздесті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 16.03.2022 1533 0 пікір
Жамбыл: РАНТ мүшесі Шу жамағатымен жүздесті

Жақында Жамбыл облыстық мешіттің бірінші наиб имамы Нұралы Бақытұлы Шу аудандық «Жәми» мешітінде жергілікті жамағатпен жүздесті.

Кездесу барысында Нұралы Бақытұлы асыл дініміздің атын жамылып жүрген жат ағымдармен күресу, сақтану және сақтандыру туралы сұхбат құрып, салиқалы әңгіме өрбітті.

Сондай-ақ Нұралы Бақытұлы Шу ауданы Бәйдібек ауылына барып, тұрғындармен тілдесті. Ауылдық клубта өткен кездесуге ағымдарға қарсы имунитет қалыптастыру тақырыбы арқау болды. Әдеттегідей сұрақтарға жауаптар берілді, керекті кеңестер айтылды.

Одан кейін РАНТ мүшесі Шу қаласындағы «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде ақшам намазына жиналған жамағатқа уағыз айтып, жат діни ағымдарға тосқауыл болу, бүлігінен сақтану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар облыс орталығынан келген мейман жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, дәйекті дәлелдер келтірді.

Нұралы Бақытұлы сонымен қатар №10 Шу колледжінің студенттерімен және Төле би ауылындағы М.Мақатаев атындағы мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездескен болатын. Кездесу барысында белгілі ұстаз кері тартпа ағымдардың зияны, одан сақтану, қарсы имунитет қалыптастыру секілді жайттарға тоқталып, толығырақ мәлімет берді. Түрлі мысалдармен түсіндіріп, діни білімді мешіт имамдарынан ғана алу қажет екенін естеріне салды. Студенттер мен оқушылар спикерге сұрақтарын қойып, көңілге қонымды жауаптарын алды.     

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру