Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Сыр сұлулары хадис жаттап жарысты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 15.03.2022 1865 0 пікір
Сыр сұлулары хадис жаттап жарысты

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық орталық «Нұр» мешітінде хадис сайысы өтті.

Мешіттерде білім алып жатқан әйелдер мен қыздар арасында өткен жарысқа 20 шәкірт қатысып, жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінді. Дода шартына сәйкес, хадистің кімнен риуаят етілгендігіне, хадистің қатесіз айтуына, сөз мағынасының түрленбеуіне және бір хадиске терең мағынада талдау жүргізуіне мән берілді.

Қазылар алқасының бағалауы нәтижесі бойынша үлкендер тобы бойынша Батима Тәуекелова, Забида Сәдуақасова, Сұлу Ділмағанбетова І, ІІ, ІІІ орындарды иеленсе, жастар арасында бас жүлде мен І, ІІ, ІІІ орындарды Аружан Раушабек, Бағдагүл Накишева, Айзада Ғалымқызы, Сымбат Қалжан қанжығасына байлады. Жүлдегерлер мен қалған қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру