Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ақтау мешітіндегі Амал мерекесі

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 14.03.2022 2238 0 пікір
Ақтау мешітіндегі Амал мерекесі

Ақтау қалалық Бекет Ата мешітінің ұйымдастыруымен «Абысын тату болса, ас көп» атты мерекелік шара болып өтті.

Мешіттің әйел-қыздар жамағаты Амал күні қазақтың киіз үйінде көрісіп, салт-дәстүрді насихаттайтын көріністерге қатысты. Аналар жағы қонақжайлылық пен абысын-келіннің татулығы жайлы айтса, ұстаздар имандылық пен мейірімділік туралы уағыз айтты.

«Амал мейрамын біздің жақта Көрісу күні деп те атайды. Бұл күні әрбір шаңырақта дастархан жайылып, үйге келген қонаққа наурыз көжемен бірге, бар жақсыны ұсынады. Исламда қонақжайлылықтың маңызы зор, мейманға құрмет көрсету- сүннет саналған. Хадистерде «Кімде- кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, қонағын құрметтесін» делінген» дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұстазы А. Қазиева.

Шара барысында баланы бесік салу рәсімі жасалды. Қазақ өмірге келген сәбиді жеті күннен соң бесікке салған. Бесікте нәресте тыныш әрі таза жатады, аяқ-қолы түзу болып, дене бітімі сымбатты өседі. Бұдан соң, ақ жаулықты аналар ұршық иіріп, жүн түтетті. Сондай-ақ, әжелер абысын мен келіннің татулығы, отбасындағы береке мен бірлік туралы сөз қозғады. Қыз баланың тәрбиесі, келіннің ибалы мінезі, ененің ерекше өнегесі жайында пікір алмасып, ойлар айтылды.  

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру