Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Мейрамханаға «QMDB Halal» сертификаты табысталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 14.03.2022 2315 0 пікір
Ақтөбе: Мейрамханаға «QMDB Halal» сертификаты табысталды

Ақтөбе қаласында орналасқан ең ірі тамақтану орындарының бірі – «Сарқыт» мейрамханасы және оған қарасты «Afsona» дәмханасы, «Wok point» және «Taksim» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды.

Аталған сертификатты облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы табыстады. Бұл шараға «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жарасхан Әбдісаламов, кәсіпорын өкілдері мен жұмаға жиналған жамағат қатысты.

«Халал – дініміз бен діліміздегі киелі ұғым. Халал ас – тіршіліктің негізі, құлшылықтың өзегі. Екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бір кісі қырық күн халалдан жесе, Алла Тағала ол кісінің жүрегін нұрландырады, жүрегіндегі хикметті тілінен ағызады», – деп адал астың рухани тұрғыдан тазаруға қаншалықты пайдалы болса, денсаулыққа да тигізер әсері орасан. Ендеше, ізгілікке ерген үмбет ретінде астың адалын тұтынуға ұмтылуымыз қажет. Осы орайда, өңірдегі халал өнімді тұтынушылар сұранысына орай «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификаттаудан өткен қоғамдық тамақтану орындарының маңызы зор» деді Серікжан Еншібайұлы.

Еске салсақ, «Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Айжан Омарованың қатысуымен аталған тамақтану орындарында аудит шаралары жүргізіліп, мейрамхана қызметкерлеріне оқу-семинары өтті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру