Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

СҚО: 522-баспана кілті табысталды

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі qyzyljarmeshit.kz 13.03.2022 2609 0 пікір
СҚО: 522-баспана кілті табысталды

Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Әділбеков жұмыс сапарымен Уәлиханов ауданына барды.

Сапар барысында алдымен өңірдің бас имамы аталған ауданның әкімі Қайрат Пішенбаевпен кездесіп, діни ахуал талқыланды.

Сондай-ақ «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында аудан орталығының тұрғынына баспананың кілті табысталды. Салтанатты іс-шараға қатысқан  облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы көмекке мұқтаж отбасыға баспана кілтін табыстап, жаңа қонысымен құттықтады. Мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына жергілікті кәсіпкерлер атсалысты.

Мерейлі іс-шарада үйлі болған игі жобаның басы-қасында жүрген барша азаматтарға және мешіт имамдары мен жамағаттарға шексіз ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік бұл – еліміз бойынша беріліп отырған 522-ші баспана.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру