Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Жамбыл: Бас имам – Шу ауданында

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 13.03.2022 2909 0 пікір
Жамбыл: Бас имам – Шу ауданында

Жамбыл облысының  бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Шу ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды.

Алдымен бас имам аудандық «Жәми» мешітіне бас сұғып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, өзінің оң бағасын берді.

Сонымен қатар ауданның бас имамы Бахтияр Әміреев облыстан келген мейманға жоспарлаған жұмыстарын баяндап, алдағы атқарылатын  шаруалардың жайын жеткізді. Оның ішінде асхана мен мешіт ішіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мешіттің кілемдері ауыстыралытының айтты.

«Жас келсе іске деген. Айналасы жарты жылдың ішінде көптеген істер жасалғанына куә болып тұрмын. Жөндеу жұмыстарынан кейін аудандық мешіт ажарланып кеткен екен. Алдағы іске Алла сәтін салсын» деді Бейбіт Мырзагелдиев.

Бұдан кейін бас имам Шу аудандық «Жәми» мешітінде ауданға қарасты қала және ауыл имамдары бас қосқан «Тәрбие – тал бесіктен басталады» атты семинарға қатысты. Жиынға облыс бас имамының орынбасарлары Нұралы Бақытұлы мен Жарбол Ақжігітов қатысты.

Семинарда бас имам жастар тәрбиесі, ауызбіршілік туралы айтты. Сондай-ақ қаңтар оқиғасынан ой түйіп, тәрбие ісіне имамдар белсене араласу қажет деді ол. Шара соңында сұрақтарға жауап беріліп, жұмысты жандардыру жайлы тапсырма берілді.

Сондай-ақ бас имам «Берекелі жұма» акциясы аясында өткен шараға қатысып, азық-түлік себеттерін мұқтаж отбасыларға таратты. Аудандық «Жәми» мешітінің ауласында өткен игі шарада облыстың бас имамы  сабырлық турасында уағыз айтып, көмек алушыларға қолдау көрсетті. Сондай-ақ сауапты іске ұйысқан имам-молдаларға алғысын білдірді. Өз кезегінде қажетті қорға қол жеткізген отбасылар да ризашылықтарын білдіріп,  жылы тілектерімен бөлісті.

Айта кетейік, мешіт имамдары 200 мың теңге қаржы жиып, 20 азық-түлік себетін осынша отбасыға таратуға ұйытқы болды.

Облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының Шу ауданына жұмыс сапары барысында түрлі іс-шаралар өткізілді. Сондай шаралардың бірі Төле би ауылындағы «Төле би» мешітінде өтті.

Онда облыстың бас имамы түрлі ұлттың тағдыры тоғысқан Төле би ауылының тұрғындарымен кездесіп, бірлік пен ынтымақ турасында әңгіме өрбітті. Осы жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Аймамбетов пен ауданның бас имамы Б.Әміреев те қатысқан болатын.

Бір елде өмір сүріп жатқан барша ұлт пен ұлысқа ынтымақ, қандай да болсын діни рәсім болса, мешіт имамдарының қатысуымен өткені дұрыс деген Бейбіт Әліпбекұлына «Төле би» мешітінің ардагер ұстазы, ардақты ақсақалы Мұстафа қажы Жалалиев батасын беріп, ізгі ниетіне ортақ екенін айтты. 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру