Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Діни оңалту мамандары білімін жетілдірді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 11.03.2022 2160 0 пікір
Қызылорда: Діни оңалту мамандары білімін жетілдірді

ҚМДБ-ның Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Діни оңалту жұмысының заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинар спикері Республикалық ақпарат-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев діни оңалту бағытында жұмыс атқарушы имамдарға ақида, фиқһ ілімдері бойынша тартысты мәселелерді талдап, оларды шешу жолдарын түсіндірді, деструктивті діни ағым өкілдерімен сұқбат құру барысында тиімді тәсілдер қолдану бойынша білім-тәжірибесін бөлісті.

Мамандарға арналған білім жетілдіру курсы тақырып аясындағы ұсыныс-пікірлерді талқылауға ұласып, қатысушыларға сертификат табыстаумен тәмамдалды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру