Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Мешіт тазалықшысына Ұмра жолдамасы берілді

sunna.kz 11.03.2022 2059 0 пікір
Мешіт тазалықшысына Ұмра жолдамасы берілді

Бүгінгі қасиетті жұма Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұзақ жылдар бойы тазалықшы болып қызмет атқарып келген Ұмсын Тұрбашова үшін ерекше қуанышты күн болды.

Ұмсын Тұрбашованың ұзақ жылдар бойы құлшылық ордасына сіңірген еңбегін елеп-ескеріп, бас имам Руслан Байзақовтың ұйымдастыруымен демеушілер есебінен кіші қажылыққа жолдама берілді.

Жұма намазынан кейін бас имам мен мешіттің ақсақалдар алқасы ұмра жолдамасының арнайы сертификатын тазалықшыға табыстады. Ақсақалдар ақ батасын беріп, мешіт қызметкеріне сәт сапар тіледі.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру