Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей имамдары жылдық жұмыс жоспарымен танысты

Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 11.03.2022 2476 0 пікір
Семей имамдары жылдық жұмыс жоспарымен танысты

Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлының төрағалығымен өңір имамдарының жылдық жұмыс жоспарын бекітуге қатысты жиналыс өтті.

«Әлихан Бөкейханұлы» мешітінде өткен алқалы жиынға қала, аудандардың бас имамдары жеті бағытқа жауапты мамандар қатысты. ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр әуелеті, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану және теріс ағымдармен оңалту жұмысын күшейту мәселелері талқыланды.

Асқар Әбітайұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2022 жыл «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп бекітілгенін тілге тиек етіп, осы бағытта ерекше іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырды.

Бұдан бөлек, бас имам дәстүрлі жеті бағыттың ішіндегі онлайн уағыз-насихат және ЖАНТ жұмыстарын жандандыру, білімді де білікті дін мамандарын тарту арқылы кадрлық әлеуетті арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру