Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ШҚО: Шабандоздар көкпар тартты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 10.03.2022 2062 0 пікір
ШҚО: Шабандоздар көкпар тартты

«Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылының аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық «Ұранхай қажы» мешіті ауыл шабандоздары арасында көкпар сайысын өткізді.

Сайысқа аты мен шабандозы сақадай сай бірнеше команда қатысып, көкпаршылар білек күші мен аттың бауырында ойнайтын шеберлігін сарапқа салды. Сайысты тамшалауға ауыл халқы мол жиналды.

«Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Құсманұлы: «Көкпар сайысын «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылына арнап өткізіп отырмыз. Осы спорт түрін одан ары дамыту мен жастардың ат спортына деген қызығушылығын оятуға бірнеше шаралар жоспарланып, іске асуда. Көкпар – ежелден келе жатқан ата-бабамыздың ойыны. Біз бабадан мұра болған бұл спорт түрін дамытуымыз керек» деп атап өтті. Ол сонымен қатар бұл бастаманы іске асырып отырған аудандық мешіт ұжымының еңбегін жоғары бағалады.

Сайыстың көрігін қыздырып, халықтың көңілінен шығып, жеңіске жеткен командалар «Ұранхай қажы» мешіт атынан марапатталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру