Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Нұр-Сұлтан: Мұқтаж келіншекке есту құрылғысын әперді

muslim.kz 10.03.2022 1709 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Мұқтаж келіншекке есту құрылғысын әперді

Осыдан бірнеше апта бұрын ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Нұр-Сұлтан өкілдігі «Үміт» дағдарыс орталығына зиярат жасап, ондағы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдермен кездесу өткізген еді.

Арнайы сый-сияпаттарын әзірлеп, рухани қолдау білдіруге барған «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары орталықтағы мұқтаж жандармен жекелеген кездесулер ұйымдастырып, жағдайларына қаныққан болатын. Сол «Үміт» дағдарыс орталығында тұрып жатқан Айгүл Ақмолдаева есімді келіншектің басындағы ауыр жағдай ерекше назар аудартып, мешіт ұстаздары оның жеке құжаттарын жөндеуге көмектескен болатын. Бұдан бөлек, орталық қызметкерлері Айгүлдің құлағы естімейтінін айтып, есту құрылғсын алып берулерін өтінген еді.

Осыған орай, «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары жамағат демеушілігімен Айгүл Ақмолдаеваға арнайы есту құрылғысын сатып әперді. Арнайы мамандандырылған орталықта алдымен дәрігер тексеруінен өткен Айгүлге есту құрылғысы беріліп, мереке қарсаңында айрықша қуаныш сыйлады. Сондай-ақ орталықта тұру мерзімі аяқталуға жақындаған Айгүлге жамағат атынан қаржылай қолдау беріліп, мешіт ұстаздары құттықтау лебізін білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру